КХДР Жапон теңізіне қарай зымырандар ұшырды

КХДР Жапон теңізіне қарай зымырандар ұшырды
Сурет: Egemen.kz

Сенбі күні Солтүстік Корея Шығыс теңізіне қарай баллистикалық ракеталар ұшырды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшырылымдар туралы Штабтар бастықтарының бірлескен комитеті мәлімдеген. Өзге ақпарат жарияланбады.

«Аталған ұшырылымдар Оңтүстік Корея ғарыштағы барлау және бақылау бойынша өз мүмкіндіктерін нығайту жоспары аясында қатты отынмен ұшатын зымыран-тасығыштың ұшырылымын сынағаннан кейін жасалып отыр», - делінген Yonhap хабарламасында.

23 желтоқсан күні Солтүстік Корея Шығыс теңізіне қарай қысқа қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыран ұшырған еді.