Қытайдың шығыс және оңтүстік провинциялары су астында қалды

Қытайдың шығыс және оңтүстік провинциялары су астында қалды
Сурет: ашық дереккөз

Нөсер жаңбыр әсіресе, Хуаншань қаласының тұрғындарына қауіп төндірді.

Таулы аймақта серуенге кеткен 17 адам 6 сағатқа созылған іздестіру операциясы барысында құтқарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың бәрі дін аман, қазір қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті метеорологиялы қызметі нөсер жаңбыр әлі бір тәулік жауатынын ескертті. Бразилияда тұрғындар стадионды паналауға мәжбүр Ал Бразилияда тұрғындар стадионды паналауға мәжбүр. Риу-Гранди-ду-Сул штатында болған дауыл мен су тасқынынан 10 мыңға жуық адам тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Табиғи апаттан зардап шеккендер уақытша стадионда тұрақтауда. Еріктілер тәулік бойы оларға ас-су тасып, қызмет көрсетуде. Еске салайық, сарапшылар су тасқынын соңғы 199 жылда аймақта тіркелген ең жойқын апат деп бағалады. Оның салдарынан 13 адам опат болды.