Қытай теңіз платформасынан ғарышқа екі спутник ұшырды

Қытай теңіз платформасынан ғарышқа екі спутник ұшырды
Сурет: Inform.kz

Қытай бүгін Сары теңіздегі ұшырылым платформасынан эксперименттік екі спутник ұшырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

LEO спутник навигациясын күшейту жүйесімен жабдықталған CentiSpace-S5/S6 эксперименттік спутниктері «Чанчжэн-11» зымыран тасығышының көмегімен Бейжің уақыты бойынша 21:10-да ұшырылды. Одан кейін олар белгіленген орбитаға сәтті шықты.

Ұшырылған спутниктер нақты уақыт режимінде навигация спутниктерінің жаһандық жүйесінің жай-күйін бақылау үшін қолданылады. Сонымен қатар, олар навигациялық инфрақұрылым сигналының дәлдігін арттыру мүмкіндігін тексереді және спутниктер арасында лазерлік байланыстарды сынақтан өткізеді.

Бұл ұшырылым – «Чанчжэн» сериясындағы зымыран тасығыштары үшін 441-ұшырылым.