Қытай COVID-19-ға байланысты карантин шараларын жеңілдетті

Қытай COVID-19-ға байланысты карантин шараларын жеңілдетті
Сурет: Inform.kz

Карантинге мерзімі қысқартылды.

Қытай елге келетіндердің, сондай-ақ COVID-19 бар науқастармен тығыз байланыста болғандардың карантинде болу уақытын қысқартты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап. 

Билік өкілдерінің айтуынша, елге келген адамдар енді жеті күн карантинде болып, үш күн бойы үйінде денсаулығын бақылауы керек. Бұрын бұл жағдайда ережеде арнайы қонақүйде 21 күн мерзімге карантин белгіленген. 

Сонымен қатар, Қытайда инфекцияның жоғары және орташа деңгейінің аймақтары біріктірілді, шешім жеті күндегі инфекциялар саны туралы статистикалық мәліметтер негізінде қабылданады. 

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы, әсіресе ауыр дертке шалдығу қаупі жоғары 60 жастан асқан адамдар арасында вакцинация деңгейін арттыруды басты міндет етіп қойды. 

Пандемия кезінде Қытайда барлығы 225,5 мыңнан астам COVID-19 жағдайы және жұқтырғандар арасында 5,2 мыңнан астам адам қайтыс болды.