Kitap Fest Almaty 2023-те «Ауылға кітап» акциясы өтеді

Kitap Fest Almaty 2023-те «Ауылға кітап» акциясы өтеді
Сурет: интернеттен

KitapFest кітап фестивалі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.

Биыл Kitap Fest Almaty фестивалінің тақырыбы: «Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық дәстүрлер». Іс-шараға келушілер Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Досым Сәтпаев, Әсел Сапақова және т.б. танымал тұлғалармен кездеседі. «Менің алғашқы ертегілерім»,  «Как оседлать единорога?», «Tarmaqtar» және т.б. жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді.

Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.  Сонымен қатар, алматылықтарға 5000 тегін кітап таратылатын бірегей «Кітап лабиринті» құрылады.

KitapFest кітап фестивалі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл аралықта ол шығармашылық жазушылық кездесулер үшін бірегей алаңға айналды. Мұнда танымал қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 200-ден астам кітаптың тұсауы кесілді.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры

Күні: 9 қыркүйек, 11.00-19.00. Орны: «Арбат» алаңы.