Ана ретінде Жолдауда балабақша мәселесін көтергені ұнады - пікір

Ана ретінде Жолдауда балабақша мәселесін көтергені ұнады - пікір
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Президент Жолдауын қолдау.

Президенттің Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауын қолдап, пікір білдірушілер көп. Солардың бірін назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

«Ең бірінші, ұлттық қордың пайдасының 50 пайызын 18-жасқа толғанға дейін әрбір қазақстандық азаматтың жеке дербес шотына аударам деуі - оларды болашақта біздің балаларымыздың білім саласына, баспана алу саласына жұмсау мүмкіндігі дегенді білдіреді. Бұл енді Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері көтеріліп келе жатқан мәселе десем болады. Араб елінің мысалында бәріміз осыны айтып та жүрдік, бізде осы қалай болады екен деп. Кішкентай баланың анасы ретінде балабақша мәселесін көтергені де ұнады. Барлығына енді біздің үкіметіміз кешенді түрде, жылдам, нақты нәтиже беретін іс-қимылдарды әзірлеп, ұсына алады деп сенемін», - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Меңдігүл Ноғайбаева.