Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді
Сурет: Newsroom.kz

Аталмыш шара 23-26 қараша күндері болады.

2022 жылғы 23-26 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту. 

Дәстүрлі музыка фестиваліне 16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады. 

«Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек-18 қараша аралығында  orkestrkurmangaz@mail.ru электронды поштасына қабылданады. 

Анықтама үшін телефон +77016326064.

Толық ақпарат www.kurmangazy.com