Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Сурет: ашық дереккөз

Конкурсқа қатысуға белсенді волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың басшылары шақырылып отыр.

Конкурс ережесіне сай олардың жасы 18-ге толған болуы керек. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 5-15 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы танысып, өтініш беруге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdS-l0D417M39RkT4B7eiFX8qHrllsZWIQV_pPN75aEiwsluA/viewform?usp=sf_link  

Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады.

Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/550298?lang=kk