Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары өтемақы ала алады

Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары өтемақы ала алады
Cурет: Rail-news.kz

Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары кідірістің әрбір сағаты үшін билет құнының 3 пайызы мөлшерінде өтемақы ала алады.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ мамандар пойыздардың кешігу себебін түсіндірді. «Орал-Алматы», «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» бағытындағы пойыздардың кестеден 2 жарым сағатқа кешіккені туралы халықтан шағым түскен. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Сол себепті осы участоктарда пойыздардың жылдамдығы шектеліп, кестеге ішінара өзгеріс енгізілген.