Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
catherineasquithgallery.com

Павлодарда бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 200-ден аса қатысушы жиналды. Халықаралық бокс қауымдастығының талабы бойынша, ішкі біріншілік 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр. Әсіресе, 63 келідегі бәсеке өте жоғары деңгейде. Өйткені, осы санатқа 29 бірдей былғары қолғап шебері жиналған. 

Оның ішінде өткен Азия және әлем чемпионатына қатысқан Санатәлі Төлтаев, одан бөлек, Сұлтан Мусин, Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Елнұр Сүйінбай, Талғат Сырымбет сияқты жас та талантты спортшылар бар.

Айта кету керек, жуырда ғана Иорданиядағы құрлықтық додада жүлдеге іліккен жерлестеріміз бұл жарысқа қатыспайды. Ел чемпионаты 9 желтоқсанға дейін жалғасады.