Кесілген қарбызды сатып алмаған дұрыс

Кесілген қарбызды сатып алмаған дұрыс
Сурет: Inosmi.ru

Ерте піскен жемістер мен көкөністер организмге қауіпті болуы мүмкін.

Елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова жеміс-жидектерді қалай таңдау жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайына сілтеме жасап. 

Елорданың бас санитарының айтуынша, ерте піскен жемістер мен көкөністер организмге қауіпті болуы мүмкін. Оларды пайдаланбас бұрын мұқият жуу жіне  бірнеше сағат бойы суға салып қою керек. Жемістер мен көкөністер нитраттарға толы. Ал су оларды жояды.  

«Сондай-ақ  мүмкіндігінше оларды қайнатылған түрде тұтынуға кеңес береміз. Жемістер мен жидектерді талапқа сай емес жерден сатып алуға болмайды. Өнім міндетті түрде шатырдың астында орналасуы керек. Ал қарбыз бен қауын жерде емес, арнайы қағаздардың үстінде жатуы тиіс. Сондай-ақ кесілген қарбызды және жол бойында сатылатын жемістерді сатып алмаған дұрыс», - деді ол Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.