Кеше елімізде 28 адамнан коронавирус анықталды

Кеше елімізде 28 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

2 пациенттің жағдайы өте ауыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 28 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 802 адам коронавирус инфекциясынан (–1 623+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 623 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.