Халық санағының бағасы қанша?

Халық санағының бағасы қанша?
Сурет: Liter.kz

Санақтың бұрынғыға қарағанда арзанға түсуіне заманауи технологияларды қолдану септігін тигізетін көрінеді.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, 2021 жылғы санақ 2009 жылғы санаққа қарағанда 2,6 есе арзан екен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2018 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі бесжылдық кезеңге халық санағын жүргізуге бюджеттен 9,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде санақ қызметкерлерінің қызметіне ақы төлеу мөлшері 4,7 млрд теңгені құрайды. Осы кезеңде 32 313 адам жұмысқа орналастырылады», - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, барлық санақ жүргізушілермен ақылы қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалып жатыр.

«2021 жылғы халық санағын өткізуде бір адамға жұмсалатын шығын 1,1 АҚШ долларын құрайды. Мысалы, 2009 жылғы халық санағы кезінде мұндай сәйкес шығын 2,9 АҚШ долларын құрады», - деп түсіндірді ол.