Кеше 58 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 58 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

7 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирусқа 58 адам шалдықты, сондай-ақ 5 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

10 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 725 адам (коронавирустан (КВИ+) – 576, пневмониядан (КВИ-) – 149) емделуде. Олардың ішінде 68 пациент стационарда, 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.