Сарапшылар: алты айдан кейін коронавирусты жеңуіміз мүмкін

Сарапшылар: алты айдан кейін коронавирусты жеңуіміз мүмкін
Сурет: Baribar.kz

Пандемия қашан аяқталады?

Шетелдік сарапшылардың мәліметі бойынша, жарты жылдан кейін пандемияға дейінгі өмірге қайта оралуымыз мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мұндай болжамды Bloomberg агенттігінің сарапшылары жасап отыр. Олардың айтуынша, қазір әлемде 6 миллиардқа таяу доза салынған. Орта есеппен күніне 33 миллион егіледі. Осылайша, бүгінде әлем халқының 39%-ы вакцина алды.

Егер осы қарқыннан таймасақ, жарты жылдан кейін екпе салдырғандар саны 75%-ке жетуге тиіс. Алайда вакциналау науқаны барлық жерде бірдей емес. Бай мемлекеттерде кедей елдерге қарағанда 20 есе жылдам жүріп жатыр. Мәселен, Испанияда халықтың 77%-ы екпенің екі дозасын да алса, Конго мен Йеменде олардың үлесі 0,1%-ға да жетпейді.