Кеше 31 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 31 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Екі адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте елімізде 31 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 829 адам коронавирус инфекциясынан (–1 645+ және 184 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 184 пациент стационарда, 1 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында екі адамның жағдайы ауыр, өте ауыр жағдайда және ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар жоқ.