Кеше 10 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

Кеше 10 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды
Cурет: Ашық дереккөз

Екі адам пневмониядан көз жұмды

29 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«27.11.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.

2020 жылғы 13 наурыздан бері барлық ауырғандар саны - 82540, 5140 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 73805-ке жетті.