«Қайрат» - чемпион!

«Қайрат» - чемпион!
Cурет: Aikyn.kz

«Қайрат» Қазақстан кубогының 10 дүркін иегері атанды. Пенальти сериясында алматылықтар 9:8 есебімен басым болды

Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан кубогының финалдық матчында алматылық «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтер» ойнады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана Аренада» өткен кездесудің 120 минутында командалар жеңімпазды анықтай алмады. Матч 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясында алматылықтар 9:8 есебімен басым болды.

Гол соққандар: Вагнер Лав 6 (1:0), Вагнер Лав 40 (2:0), Габышев 47 (2:1), Тошев 75 (2:2), Таттыбаев 97 (пенальти – 2:3), Шушеначев 110 (3:3).
Осылайша, «Қайрат» оныншы рет Қазақстан кубогын жеңіп алды.