Келесі айдан бастап кейбір телефондарда WhatsApp ашылмайды

Келесі айдан бастап кейбір телефондарда WhatsApp ашылмайды
Сурет: Akket.com

WhatsApp жақында тағы бір жаңартылады.

Сосын мессенджер кейбір Android және iOS смартфондарында жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кең таралған мессенджер операциялық жүйелердің тізімін жаңартады.

iOS 10 және 11 операциялық жүйелері бар iPhone иелері 24 қазаннан бастап WhatsApp-ты қолдана алмайды. Пайдаланушыларға смартфонын iOS 12 және одан жоғары нұсқаға жаңартуды ұсынатын хабарламалар жіберіле бастады.

Алайда iPhone 5 және iPhone 5C смартфондарын iOS 12 нұсқасына жаңарту мүмкін емес. Сондықтан қазан айының соңына қарай бұл смартфондардың иелері WhatsApp әлеуметтік желісін пайдалана алмайды.