Алматыда автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатты

Алматыда автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатты Сурет: Inform.kz

Алматы қаласындағы №3 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының мәліметінше, биылғы 19 қыркүйектен бастап Алматы қаласы, Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан №3 мамандандырылған ХҚО бөлімі жұмысын тоқтатты.



«Құлагер» шағынауданының №3 мамандандырылған бөлімге қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауы себепті бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.



Осыған дейін Алматыда автокөлік иелеріне арналған 5 МХҚО жұмыс істесе, енді автокөлік иелері қаладағы тек 4 МХҚО-ға жүгіне алады. Олар №1 мамандандырылған бөлім - «Саялы» шағынауданы, Аққайнар көшесі, 1 мекенжайында, № 2 мамандандырылған бөлім - Майлин көшесі, 85, № 5 мамандандырылған бөлім - Түрксіб ауданындағы «Қайрат» шағынауданы, Құлжа даңғылы, 9 шақырымында және № 6 мамандандырылған бөлім - «Кемел» шағынауданы Ақсуат көшесі, 118 мекенжайында орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21