Қазпошта «Қорғас» аумағында бонд қоймасын ашады

Қазпошта «Қорғас» аумағында бонд қоймасын ашады
Сурет: Ашық дереккөз

Қойма Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдеріне халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдап, транзитпен жібере алады

"Қазпошта" Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытып, "Қорғас" ШЫХО аумағында бонд қоймасын ашады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Қойма Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдеріне халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдап, транзитпен жібере алады.

Қазақстандық бондтың қызметтері елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайтады және тауарларды ЕО және ОА елдеріне жеткізу жылдамдығын едәуір қысқартады. Айта кетейік, Еуропа елдеріне авиа жеткізу мерзімі 2-3 күнге дейін, автомобиль көлігімен жеткізу мерзімі 7-12 күнге дейін қысқарады.

"Қазпошта логистикалық инфрақұрылымды дамытуды және жетілдіруді жалғастыра береді. "Қорғас" ШЫХО-да ашылатын бонд қоймасы Сингапур мен Дубайдың үлгісі бойынша жұмыс істейтін болады. Осындай алаңның ашылуының арқасында біз Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытып, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасаймыз, нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесеміз", – деді "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.