«Қазконтент» АҚ Бекзат Жүсіп басқарады

«Қазконтент» АҚ Бекзат Жүсіп басқарады
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазконтент» АҚ ұжымына жаңа басшы ретінде Бекзат Жүсіпті таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бекзат Бақбергенұлы бұған дейін Премьер-Министр кеңсесінде, Президент әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. 

"Журналистика саласында жемісті еңбек етіп, медиа менеджер ретінде біліктілігін көрсетті. Әріптесіміз "Болашақ" бағдарламасы бойынша алған білімі мен жиған тәжірибесін ақпарат саласының дамуына жұмсайды деп сенеміз",-деп жазды министр фейсбук парақшасында.