Қазақстанның ұлттық платформасы Alibaba сауда желісінде ашылды

Қазақстанның ұлттық платформасы Alibaba сауда желісінде ашылды
Сурет: Geeko.tech

Ұлттық павильон қазақстандық өндірушілерге өз өнімін интернет арқылы кедергісіз сатып, жарнамалауға мүмкіндік береді.

Alibaba.com сауда платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Павильонның ашылуына орай Zoom-конференция форматында өткен жиынға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, QazTrade АҚ Бас директоры Аазамат Асқарұлы, Alibaba.com вице-президенті Эндрю Женг қатысты.

Вице-министр Қайрат Төребаев бүгінгі таңда электрондық коммерция қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстанның әлемдік трендпен бірге тыныстауға дайын екенін атап өтті.

«Alibaba» алаңында ұлттық павильонның ашылуы шетелдік сатып алушылар тарапынан Қазақстан өнімдеріне жоғары сұраныс бар екенін растады», - деді вице-министр.

Ал «QazTrade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлының айтуынша, отандық компаниялардың өнімін маркетплейстер арқылы таныту тиімділігін көрсетіп отыр. Электрондық алаңдарда сауда жасай бастаған компаниялардың сату көрсеткіші жақсара түскен.

Қазір Alibaba.com базасындағы Қазақстанның ұлтты павильонында 130 қазақстандық компания «алтын» мәртебелі жеткізуші ретінде тіркелген. Олар 7500-ден астам тауарды ғаламдық платформа арқылы сатып отыр.

ТМД мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстан Ресей Федерациясынан кейін Alibaba.com алаңында павильонын ашқан екінші ел Alibaba - айналымы 106 млрд доллар болатын, «B2B» форматы онлайн тауар сататын платформа.