Қазақстанның бокс құрамасы допинг дауына ілікті

Қазақстанның бокс құрамасы допинг дауына ілікті
Сурет: Sputnik.kz

Допинг дауы енді боксқа да жетті.

2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Санатәлі Төлтаев анаболикалық стероид болып табылатын оралтуринаболды қолданғаны үшін 2026 жылдың 31 наурызына дейін жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР допингке қарсы ұлттық орталығына сілтеме жасап.

Тағы бір қазақстандық боксшы Серік Абзал метастеронды қолданғаны анықталды, сол үшін спортшы 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін жарыстардан шеттетілді.