Қазақстаннан Өзбекстан бидай сатып алмақ

Қазақстаннан Өзбекстан бидай сатып алмақ
Сурет: Bilim-all.kz

Көрші ел сәуір-шілде аралығында Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып алуды жоспарлаған.

Өзбекстан билігі мемлекеттік резервке сыртқы нарықтан 600 мың тонна бидай сатып алмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Өзбекстан Үкіметі жариялаған қаулыда билік мемлекеттік резервке сыртқы нарықтан 600 мың тонна бидай сатып алуға ниетті екені жазылған. Оның ішінде биыл сәуір-шілдеде Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып алу жоспары көрсетілген.

«Ұсыныс мақұлдансын... Сәуір-шілдеде Қазақстаннан үшінші сұрыпты 100 мың тонна бидай (осы көлемнің бір бөлігі — ұн) қолайлы бағамен импорттау», - деп жазылған lex.uz ұлттық заңнама базасының сайтында жарияланған құжатта. 

Құжатқа Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік резервтерді басқару комитеті мен Қазақстанның Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қол қояды деп жоспарланып отыр.