Қазақстандық жазушылардың детектив шығармалары бір кітапқа топтастырылады

Қазақстандық жазушылардың детектив шығармалары бір кітапқа топтастырылады
Сурет: Цены-и-отзывы.рф

Детектив жанрындағы шығармалар бір жинаққа топтастырылады. 

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек қазақстандық қаламгерлердің детектив жанрындағы шығармалары кітап болып басылып шығатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Өткен жылы Ішкі істер министрлігі ел тарихында тұңғыш рет «Серт» детектив шығармаларының республикалық байқауын өткізген болатын. Әдеби байқаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін, сонымен қатар қазақстандық патриотизмді арттыру, қоғам назарын полиция мен басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиын және қауіпті жұмысына аудару», - деді Шұғыла Тұрлыбек брифинг барысында.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы аясында республикалық «Серт» байқауын жариялады. Байқауға қатысатын шығармалар осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

«Ішкі істер министрлігі байқауға қатысуға шақырады. Жеңімпаздар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай жарияланады. Ал байқау қорытындысы бойынша детектив жанрындағы қазіргі заманғы қазақстандық жазушылардың шығармалары жинақталған кітап басылады», - деді ІІМ өкілі.