Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды
Сурет: Zakon.kz

Бүгін қазақстандық теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 25-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-дан 38-ге жоғарылады.

Рейтинг көшін бұрынғыша Польша өкілі Ига Свентек бастаса, эстониялық Анетт Контавейт - екінші, грекиялық Мария Саккари үшінші орынға жайғасқан.

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында 20-дан 19-ға ауысып, өзінің жеке рекордын қайталады. Е.Рыбакина 106-сатыда (+2) тұр.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 47-сатыдан өзгермесе, Михаил Кукушкин 215-тен 214-ке, Дмитрий Попко 236-дан 232-ге көтерілді. Тимофей Скатов 250-інші, Денис Евсеев 268-орында (-2) келеді.

Үздік үштікте өзгеріс жоқ: ресейлік Даниил Медведев, германиялық Александр Зверев, испаниялық Рафаэль Надаль қамшы салдырар емес.

Жұптық сында Андрей Голубев 46-орнын сақтап қалса, Александр Недовесов 57-ден 58-ге сырғыды.