Қазақстандық телехикаялар Әзірбайжан телеарнасынан көрсетіліп жатыр

Қазақстандық телехикаялар Әзірбайжан телеарнасынан көрсетіліп жатыр
Сурет: Qazaqstan.tv

Телехикаялар әзірбайжан тіліне аударылып берілген. 

Әзірбайжанның Аz TV теларнасынан Qazaqstan арнасы түсірген «Сезім толқыны» мен «Қорқыт» телехикаялары көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сезім толқыны» телехикаясы Qazaqstan арнасынан екі маусым бойы ұсынылды. Сериалдың соңғы маусымы Ақтау қаласы мен Әзірбайжан тарапының бастамасымен Баку қаласында түсірілген болатын.

«Ал «Қорқыт» тарихи туындысы бұған дейін Өзбекстанның «Маданият ва маърифат» арнасынан,  Әзірбайжанның СBC арнасынан көрсетілген. Қазір Түркияның TRT арнасы түрік тіліне аударып жатыр. Түркі елдеріне ортақ Қорқыт тұлғасына арналған туындыға араб елдері де қызығушылық танытып отыр», делінген хабарламада.

Qazaqstan.tv-нің хабарлауынша, қазір Noorplay платформасымен де «Сезім толқыны» мен «Қорқыт» телехикаялары көрсету үшін келіссөздер болып жатыр.