Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогында жеңіске жетті

Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогында жеңіске жетті
Сурет: Kaztag.kz

Алтын және күміс медаль алды.

Қазақстандық гимнастшылар Нариман Құрбанов пен Милад Карими Мажарстанда екі медаль иемденді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстандық гимнастшылар Сомбатхейде (Мажарстан) әлем кубогінің екінші кезеңінде екі медаль иемденді», - делінген Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында. 

Нариман Курбанов атта жасалатын жаттығуларда үздік болды. Еркін жаттығуларда Милад Карими күміс медаль иемденді.