Елімізде сұранысы жоғары мамандықтар қандай?

Елімізде сұранысы жоғары мамандықтар қандай?
Сурет: Lux-personnel.kz

Жүргізуші, жүк тиеуші мен шебер биыл жұмыс іздеушілер арасында ең сұранысқа ие мамандықтар болды.

Olx.kz онлайн-жарнама сервисінің сарапшылары 2022 жылдың тоғыз айындағы қазақстандық еңбек нарығына баға берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен жұмыс берушілер арасында да, жұмыс іздеушілер арасында да ең көп сұранысқа ие «жүргізуші» мамандығы болды. Жұмыс ұсынатын 10 үздік тізімнің 19%-ы және жұмыс іздеушілер арасында 21%-ы осы мамандықты іздеген.

Қазақстанда жүргізушінің орташа жалақысы 175 мың теңге болды.

Бұл ретте нарықтағы ең жоғары ақы төленетін мамандықтар - орташа ұсынылатын жалақысы 1 млн теңге болатын «стоматолог» және 930 мың теңге ақысы бар «жүк көлігінің жүргізушісі» мамандықтары.

Жұмыс берушілердің 77%-ы тұрақты жұмысшыларды іздейді. Cәйкесінше, өтініш берушілердің 70%-ы мұндай жұмысқа дайын. Жұмыс берушілердің 59%-ы үшін жұмыс тәжірибесінің болуы немесе болмауы маңызды емес, ал жұмыс іздеушілердің 35%-ының жұмыс өтілі үш жылдан аспайды.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің 19% және 23%-ы ауысымдық және икемді жұмыс кестесін ұсынуға дайын. Жобалық немесе уақытша жұмысты жұмыс берушілердің 2%-ы ұсынады.

Бір қызығы, кейбір жұмыс берушілер ғана (1%-дан аз) қызметкерлерді қашықтан жұмысқа қабылдауға келіседі. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3% болған еді. Ал жұмыс іздеушілердің 12%-ы қашықтан жұмыс іздейді. Бұл ретте олардың 15%-ы толық емес жұмыс күнін іздесе, 8%-ы жобалық немесе уақытша жұмысты қарастырса, 5%-ы тағылымдамадан өтуді қалайды.

Жұмыс іздеушілердің 68%-ы толық уақытты жұмысқа дайын, үміткерлердің 10% және 12% сәйкесінше икемді кесте бойынша немесе қашықтан жұмыс істеуді қалайды.

Ең көп сұранысқа ие 3 жұмыс бағытына 16% үлеспен «Бөлшек сауда/сату/сатып алу» және «Көлік/Логистика/қойма» және 15% үлеспен «Бар/мейрамхана/кафелер» кіргенін атап өткен жөн.