Қазақстандық банктердің табысы биыл 1,5 пайызға төмендеді

Қазақстандық банктердің табысы биыл 1,5 пайызға төмендеді
Сурет: Banki.ru

Банк активтерінің рентабельдік көрсеткіші де азайған.

Бұл туралы Қаржы нарығын зерттеу және дамыту агенттігі мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жыл басынан бері отандық банктердің таза табысы 355 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46 пайызға төмен. Сондай-ақ маусым айында несиенің жылдық пайызы жеке тұлғалар үшін 17,2 пайызға дейін өсті.