Қазақстандағы смартфонның 90%-ы қарызға алынған

Қазақстандағы смартфонның 90%-ы қарызға алынған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Былтыр еліміз бойынша 3 749 000 смартфон сатылыпты.

Қазақстанда смартфондардың 90%-ы «рассрочкаға» немесе кредитке алынады екен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Kursiv.media.qaz ақпараты бойынша, ең қымбат смартфондарды сатып алатындар – Атырау, Ақтөбе және Қызылорда қаласының тұрғындары болса, Петропавл мен Өскемен халқы көбіне арзан смартфон сатып алады екен.

2023 жылы Қазақстанда 3 749 000 смартфон сатылған. Оның жалпы құны 689 175 000 000 теңге.