Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталды

Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталды
Сурет: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен биылғы жылдың 8 сәуірінде Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бұл ретте, осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін бұйрықпен республика аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдері мен мемлекеттеріне 20 мың тонна мөлшерінде пиязды (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілді.

«Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды», - делінген АШМ хабарламасында.

Қазақстан аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.