Қазақстанда пәтер жалдау құны тағы қымбаттай түсті

Қазақстанда пәтер жалдау құны тағы қымбаттай түсті
Сурет: Kz.kursiv.media

Бір айда, яғни 27 маусым мен 26 шілде аралығында  бағалар 4,2%-ға өсті.

Мұндай деректі Krisha.kz сайты келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бағаның өсуі 13 қаланың 11-де тіркелген, онда тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына мониторинг жүргізілді.

Қостанай, Петропавлда 10%;

Алматы, Шымкент 7%;

Ақтауда 5%;

Ақтөбеде 4%;

Астана, Қарағанды, Орал қалаларында 3%;

Павлодарда, Көкшетаудa 2%-ға артты.

Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеді.

Сұраныс пен жалдау бағасының өсуі шілде айының ортасында басталды.

27 шілдеге ҚР қалаларында тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы төмендегідей:

бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;

екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;

үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.