Коронавирус: Барлық өңір «жасыл» аймақта

Коронавирус: Барлық өңір «жасыл» аймақта
Cурет: Ашық дереккөз

Өңірлердегі эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды

28 наурыздағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.

Еске салайық, кешегі бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 25 жағдайы тіркелді.