Қазақстанда мыстың бай қоры табылуы мүмкін

Қазақстанда мыстың бай қоры табылуы мүмкін
Сурет: Ehonews.kz

Цифрлық технологиялар Қазақстан қазынасына 25 млрд доллар түсіруі мүмкін.

Соның 9 миллиарды тау-кен секторынан алынады. Осыған байланысты ірі кеніштер мен өнеркәсіп орындарын цифрландыру керек. Елордада өтіп жатқан 13-ші Майнекс тау-кен геологиялық форумына қатысушылар осылай дейді. Шараға 30 елден 200-ден аса компания келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

90-нан астам сарапшы сөз сөйлеп, отандық мамандар инвесторлармен тәжірибе алмасады. Ертең экология мәселесі талқыланады. Жиында Қазақстанның жер қойнауындағы пайдалы қазбалар жайы айтылды. Сарапшылар елде мыстың бай қоры болуы мүмкін дейді. Құны жылдан-жылға қымбаттап келе жатқан пайдалы қазба қазірдің өзінде әлемнің ірі компанияларын қызықтырып отыр.

«Қазақстанда мыс кен орындары бар, олардың айналасында тағы табылуы мүмкін. Сондықтан 1-2 жыл ішінде ірі компаниялар келіп жатыр. Ол Қазақстанға тиімді болатынына сенеміз. Өйткені ол қызмет нарығын кеңейтеді, мамандардың сапасын көбейтеді», - дейді сарапшы Дамир Қызыр.