Қазақстанда қандастарға тегін білім беріледі

Қазақстанда қандастарға тегін білім беріледі
Сурет: Mir24.tv

Қазақстан қандастарға тегін білім беруге дайын.

Тек көршілес өзбек еліндегі отандастарымыз республиканың 7 университетінде оқи алады. Бұл туралы қазақстандық жоғары оқу орындарының Ташкенттегі жергілікті қазақтармен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, қазақстандық білім ордалары қандастарға тарихи отанда білім алу мүмкіндігін тұрақты түрде ұсынып келеді.  Мемлекеттік гранттар бойынша бөлінетін квотаның 4 пайызы шет елдегі қазақтарға тиесілі.

«Бізде, мәселен, 128-ге жуық ЖОО болса да, оқитын балалар көп. Сондықтан бұларды шетелде де оқытып жатырмыз. Қазақстаннан 7 университет келіп, жастарымызды оқуға тартып жатқанына ризамыз. Осындай барыс-келісіміз жоғалмасын», - дейді Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов.