Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары зияткерлік викторинаға қатыса алады, жеңімпаздарға кітап толы себеттер сыйға беріледі.

28-30 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов алаңында «Алматы кітап жәрмеңкесі» өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шараның ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы.

Жәрмеңкеге қатысатын баспалар мен кітап дүкендері оқушылар, жастар мен студенттерге баспа өнімін арзан бағада сатып алуға түрлі жеңілдіктер жасайды.

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Алаш қозғалысының арыстарының, ұлт қайраткерлерінің ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында жарық көрген кітаптарының түпнұсқасын  көпшілік назарына ұсынады.

28-30 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы алаңда «Алматы кітап жәрмеңкесі» өтеді. Іс шараға баспагерлер, жақын шетелден келетін  арнайы делегация (Қырғызстан, Ресей), отандық 50-ден астам отандық баспалар мен кітап дүкендері қатысады.

«Алматы кітап жәрмеңкесінің» мақсаты – баспа мекемелері мен кітап дүкендерінің саудасын жандандыру, кітап нарығындағы түйткілді мәселелердің оң шешілуіне үлес қосу,кітап мәдениетінің дамуына серпін беру; оқырман мен автор арасындағы байланысты нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолында дәнекерлік таныту және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.

Поэзияға қызығушылық танытатын ақындар мен студенттер өз шығармаларын ұсынады, ал отандық эстрада орындаушылары мерекелік концерт береді. Белгілі ақындар мен жазушылар өз кітаптарын ұсынып, қолтаңба сессиясын өткізеді. Белгілі жазушы Роллан Сейсенбаев сатудан түскен қаражатты қайырымдылық қорына беруге ниетті.

Мегаполис қонақтары мен тұрғындары зияткерлік викториналарға қатыса алады, жеңімпаздарға кітап себеттері табыс етіледі. Жәрмеңкеге қатысатын баспалар мен кітап дүкендері оқушылар мен студенттерге баспа өнімдерін сатып алуға жеңілдіктер ұсынады.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының «сирек кітаптар мен қолжазбалар мұражайы» экспонаттары ұсынылады. Барлық тілек білдірушілер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында шыққан Алаш қайраткерлерінің түпнұсқа кітаптарымен таныса алады.

Айтулы күндері баспа ісін, кітап сатуды, заманауи балалар әдебиетін дамыту бойынша дөңгелек үстелдер өтеді, онда мамандар осы мәселелерді егжей-тегжейлі талқылайды.

БАҚ үшін байланыс мәліметтері:

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы

8-727-397-61-15, 8 747 334 55 01