Қазақстанда 18 мыңнан астам адам еңбекақысын ала алмай жүр

Қазақстанда 18 мыңнан астам адам еңбекақысын ала алмай жүр
Сурет: Almaty.tv

600-ге жуық кәсіпорын жұмысшыларына 4,4 млрд теңге берешек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған ұйым басшыларына 657 нұсқама беріліп, шамамен 87,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 15 мыңнан астам адамның құқығын қорғады. Нәтижесінде жалақысын ала алмай жүрген жұмысшыларға 4 млрд теңге қаржы қайтарылды.