Қазақстан «Сергекті» Өзбекстанға экспорттады

Қазақстан «Сергекті» Өзбекстанға экспорттады
Сурет: Вluescreen.kz

Жоба жеке инвестициялар есебінен KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ несие беруі арқылы іске асырылды.

«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі Өзбекстанның Наманган қаласында енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл - халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала.

25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысының бұзылуын тіркейді.

«Сергек» жүйесін орнату жүргізуші тәртібінің жоғарылауына және өлімге әкеп соғатын ЖКО-лардың төмендеуіне әсер етеді.

Наманганда да жүйе жылдамдық режимінің асып кетуін, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін, жол таңбалау желілерінің бұзушылығын тіркейді.

Бизнес-жоба Сауда және интеграция министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен басталды.