Қазақстан-Ресей шекарасында «жасыл дәліз» ашылады

Қазақстан-Ресей шекарасында «жасыл дәліз» ашылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Ресеймен шекарада қазақстандықтар мен азық-түлік тасымалдайтын көліктер үшін жасыл дәліз құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол Қазақстанға келген ресейліктердің саны ел халқымен салыстырғанда аз екенін және бұл олардың азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтінін түсіндірді.

«Аймақтық диспропорциялар болуы мүмкін, бірақ қазір бұл мәселелерді шешіп жатырмыз. Кеше мемлекеттік органдармен, соның ішінде құқық қорғау органдарымен кеңес өткіздім. Ресей Премьер-Министрінің орынбасарымен де сөйлестім. Себебі шекараның арғы жағында қазақстандық азаматтар да, азық-түлік көліктері де өте алмай тұр. Келіскен сияқтымыз, ол тиісті ереже жасады. Бүгін шекара қызметтері бір-бірімен сөйлеседі. Олар біздің азаматтар мен азық-түлік көліктері үшін жасыл дәліз жасауға тырысады. Бұл мәселеде үлкен проблемаларды көрмеймін», - деді Жұманғарин.