Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Cурет: Inform.kz

23 адам коронавирус пневмониясынан жазылды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 15 адам жұқтырып, 2 адам осы дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ 23 адам коронавирус пневмониясынан жазылды.

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 86326 адамды құрады. Сондай-ақ аталмыш дерттен 5266 адам қайтыс болып, 79716 адам жазылып кетті.