25 қазан - Республика күні

25 қазан - Республика күні
Сурет: Tengrinews.kz

Тоқаев заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Сенат депутаттары түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы норманы қолдаған болатын.