Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі енгізілді

Қазақстан-Ресей шекарасында электрондық кезек жүйесі енгізілді
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) электрондық кезек жүйесі қолданылатынын еске салады.

Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа базасында және тегін іске асырылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Электрондық кезек шекарадан өтудің жеделдетеді. Әрі ашықтықты ұстанудың үлгісі. Сонымен қатар, жүк автомашиналарының кензекке тұрып қалуын болдырмайды. Электрондық кезекті енгізуді тасымалдаушылар оң бағалауда – электрондық кезек енгізілгеннен бастап «Бидайық» өткізу пунктінде 1 мыңнан астам жүк автомашина алдын ала кезек алған. Оң нәтижелерді ескере отырып, Ресей Федерациясымен шекарадағы 7 автомобиль бақылау-өткізу пунктінде қосымша электрондық кезекті қолдану жоспарланған.

Сонымен: 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап «Қарашатау» (Ақтөбе обл.) және «Жезкент» (Абай обл.) бақылау-өткізу пункті;

2024 жылғы 31 қаңтардан бастап «Үбе» (Шығыс Қазақстан обл.) және «Ақсай» (Батыс Қазақстан обл.) бақылау-өткізу пункті;

2024 жылғы 15 ақпаннан бастап «Обаған» (Қостанай обл.) және «Найза» (Павлодар обл.) бақылау-өткізу пункті;

2024 жылғы 30 сәуірден бастап «Құрманғазы» бақылау-өткізу пункті (Атырау обл.).

Осыған байланысты, аталған автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен алдын ала орын алуы қажет. Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтеме бойынша өту керек, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, қажетті бақылау-өткізу пунктін таңдау, шекарадан кесіп өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін бақылау-өткізу пунктіне көрсетілген уақытында жетуі қажет. Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларды электрондық кезекті алдын ала брондауға шақырады.

Барлық сұрақтар бойынша МКК Сall-орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуға болады.