Қазақстан Өзбекстанмен бірігіп әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Қазақстан Өзбекстанмен бірігіп әлем чемпионатын өткізуге ниетті
Сурет: интернеттен

2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуден Сауд Арабиясы мен Қытай да үміткер.

Турнирді өткізу кімге сеніп тапсырылатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылға жоспарланған футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Бұл мәлімдеме Қырғызстанда екі федерация өкілдері қатысқан Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары басшыларының саммиті барысында айтылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары турнирді бірге өткізу идеясының бастамашысы ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясы) басшысы Әділет Барменқұлов болғанын жазып жатыр.

Кейінгі жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынастар, оның ішінде екі елдің ұлттық құрамалары мен клубтары арасында жолдастық кездесулер ұйымдастыру арқылы айтарлықтай нығая түскені айтылады.