Қазақстан қант диабеті мен семіздікті емдеу тәсілдерін жетілдіреді

Қазақстан қант диабеті мен семіздікті емдеу тәсілдерін жетілдіреді
Сурет: Ser-per.kz

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтикалық өнімдердің жетекші әлемдік өндірушісі арасында әлеуметтік мәні бар инфекциялық емес ауруларды емдеудегі әріптестік мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Уағдаластыққа сәйкес, тараптар екі жақты ынтымақтастықты бірнеше бағытта дамытуды көздеп отыр, атап айтқанда: дәрілік заттардың отандық өндірісін қолдау және дамыту; диабет және семіздік саласында үздіксіз медициналық білім беру жобалары арқылы кадрлық әлеуетті нығайту; ғылыми және зерттеу әлеуетін арттыру. Сондай-ақ, Қазақстанда адам инсулині препараттарын өндіруді одан әрі жолға қою үшін белсенді фармацевтикалық субстанцияны жергілікті нарыққа жеткізу мүмкіндігі де зерделенетін болады.