Қазақстан визасыз режимді енгізу бойынша 26 елмен келіссөздер жүргізуде

Қазақстан визасыз режимді енгізу бойынша 26 елмен  келіссөздер жүргізуде
Сурет: Asiatv.kg

Бұл шара сырттан келетін туристер ағынын арттыруға септігін тигізеді. 

Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және т.б.елдер бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Сондай-ақ, Қазақстанға электронды виза алуға өтініш бере алатын елдердің тізімін кеңейту, шақыру талабын алып тастау мәселелері де қарастырылуда.

Сонымен қатар, БАӘ резиденттері үшін жеңілдетілген виза беру мәселесі талқылануда.

«Қазақстан шетелдік саяхатшылар үшін қызықты және министрлік еліміздің туристік әлеуетін толығымен ашу бағытында жұмыс жасауда. Соның ішінде сырттан келетін туристер ағынын арттыру арқылы. Оның үстіне министрлік қазірдің өзінде көші-қонды бақылауды жетілдіру тетіктерін жүзеге асыруда. Мысалы, eQonaq ақпараттық жүйесі», - дейді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың визасыз режим енгізуі мүмкін екені хабарланған болатын. Электронды үкімет алаңында екі елдің үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы қаулы жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің азаматтары 76 елге визасыз бара алады

Қазақстан 2023 жылы Henley & Partners Visa Restrictions Index төлқұжаттар рейтингінде 70-орын алды. Отандық төлқұжаттың ағымдағы халықаралық ережесі көрсетіп отырғандай, еліміз биыл өткен жылмен салыстырғанда рейтингте 3 орынға жоғары көтерілген.