Қазақстандық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Сурет: ашық дерекөз

Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудың файтинг бағдарламасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда. Әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында маңғыстаулық 7 спортшы бақ сынады. -62 келі салмақта Әбу Бәкір Жәнібек алтын жүлде алса, күміс жүлдені колумбиялық спортшы, қола жүлдені швеяциялық спортшы және қазақстандық Аслан Қанатбек иеленді. Осыған дейін Әбу Бәкір ересектер арасында әлем чемпионатының 5 дүркін қола жүлдегері болып, 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ спортшы ақпан айында Бангкокта (Таиланд) джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған болатын. Әлем чемпионаты 15 шілде басталып, 21 шілдеге дейін жалғасады.