Қазақ қызы «Славян базары» байқауынан жүлде алды

Қазақ қызы «Славян базары» байқауынан жүлде алды
Сурет: Вelta.by

«Славян хиті» байқауында Құралай беларусь халқының «Рэчанька» әнін шырқап, 70 ұпайдың 69-ын жинаған еді.

«Витебскідегі Славян базары» музыкалық байқауында қазақстандық әнші Құралай Мейрамбек үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Вelta.by ақпаратына сай, екі күндік байқау нәтижесінде армениялық өнерпаз Маша Мнджоян бас жүлде алса, бірінші орын – беларусь Самир Елчиевке берілді. Екінші орынды – ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. Үшінші орынды – қазақстандық Құралай Мейрамбек және өзбекстандық Малика Хакимова иеленген.

«Құрметті қазақ елім! Байқауда қолдап, жанкүйер болған баршаңызға мың алғыс! Алла қаласа әлі талай көк туымды әлемде көкте желбірететін боламын!», - деп жазды Құралай өзінің Instagram парақшасында.

«Славян хиті» байқауында Құралай беларусь халқының «Рэчанька» әнін шырқап, 70 ұпайдың 69-ын жинаған еді.

Байқаудың екінші күні «Әлемдік хит» сайысында Қ. Мейрамбек «Frozen 2» анимациялық фильміндегі «Into the unknown» саундтрегін орындап, 63 ұпай алды.