Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионатының екінші айналымына шықты

Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионатының екінші айналымына шықты
Сурет: 24.kz

Еліміздің құрамасы D тобында сынға түсті.

Баскетболдан Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстандық баскетболшылар D тобында сынға түсті. Ұлттық құрама Сирия мен Иранды екі-екіден жеңсе. Бахрейнді бір мәрте сүріндіріп, жарыстың келесі айналымына жолдамаға ертерек қол жеткізді. Алтыншы кездесуде Бахрейнге есе жібергенмен, ол турнир кестесіндегі көрсеткішке кері әсерін тигізген жоқ. 

Енді қазақстандық баскетболшылар Бахрейн, Иран құрамаларымен бірге Австралия, Қытай және Жапониямен жолдаманы сарапқа салады. Алғашқы үш орындағы құрамалар әлем чемпионатына қатысады.

 Қазақстандық баскетболшылар бұған дейін бірде-бір мәрте аталған додада бақ сынаған емес. 

Іріктеу ойындары биылғы тамыз, қараша және 2023 жылдың ақпан айында өткізіледі. 

Дүбірлі дода 2023 жылдың 25 тамыз және 10 қыркүйек аралығында Жапония, Филиппин және Индонезия мемлекеттерінде өткізіледі. 

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 11 cатыға жоғарылады.